АҚШ-та "Ресейге тыңшылық жасаған" Қазақстаннан шыққан азамат сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та "Ресейге тыңшылық жасаған" Қазақстаннан шыққан азамат сотталды

АҚШ-та "Ресейге тыңшылық жасаған" Қазақстаннан шыққан азамат сотталды

АҚШ соты техастық Arc Electronic компаниясының иесі Александр Фищенконы АҚШ-тан әскери мақсатта пайдаланылатын жоғары технология құрал-жабдықтарын Ресейге заңсыз экспорттады деген айыппен 10 жылға соттады. Қазақстаннан шыққан, Ресей және АҚШ азаматтығын бірдей иеленген 50 жастағы Фищенкоға үкімді Нью-Йорктың федералдық соты 21 шілдеде шығарған. 2015 жылы қыркүйекте Фищенко өзінің Ресейге тыңшылық жасағанын және басқа да айыптар бойынша кінәлі екенін мойындаған.

  • 22 Шiлде 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

Фищенко Хьюстонда орналасқан Arc Electronic компаниясына иелік еткен. Прокуратураның ұйғарымынша, 2002-2012 жылдары ол 50 миллион доллардан асатын өнімді заңсыз сатқан. Сот шешімі бойынша, Фищенко сонымен бірге өнімді сату кезінде түскен 500 мың АҚШ долларын төлеуі тиіс.

Прокурорлардың ақпаратына қарағанда, Arc Electronic Ресей қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша өнім жеткізген клиенттер арасында Федералдық қауіпсіздік қызметінің тергеу басқармасы да бар.

Arc Electronic жеткізген құрал-жабдықтар зымыранды басқару жүйесінде, детонаторлар мен радар жүйелерінде кең қолданылады.

Прокурорлар Arc Electronic бағдаршам жасаумен айналысатын компания кейпінде жұмыс істеп, электроника жасаушы кәсіпорындарға жалған мәлімет беріп, экспорттық бақылауды айналып өтіп отырған дейді. Бұл іс бойынша айыпталушы өзге бес адам контрабандалық қызметке қатысы барын мойындаған, өзге үш сотталушы сотталып, үшеуі бостандықта жүр.