Қазіргі сәтте 6800-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
FlightAware.com сайтының ақпарына сүйенсек, жексенбі күні Құрама штаттарда ішкі, сыртқы және халықаралық бағыттарға қатынайтын 1251 рейс тоқтатылған.
Ал, дүйсенбі күні 5559 рейс ұшпай қалды.
Бүгін Вашингтон, Филадельфия және Нью-Йорктің халықаралық әуежайлары жұмысын тоқтатты.