Жарияланды: 360

АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті

АҚШ-та жыл басынан бері болған торнадолардың салдарынан 523 адам мерт болды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Бұл соңғы 75 жылда құйынның салдарынан қаза тапқан ең көп құрбан. Ресми статистикаға сүйенсек, 1936 жылы торнадодан 552 американдық опат болған екен. Құрама Штаттарда жылдың басынан бері 1 мыңнан астам торнадо тіркелген, оның 1/3 сәуір айында болып, олардың салдарынан 360-тан астам адам қаза тапқан еді. Соңғы 60 жылдағы ең зұлмат торнадо 22 мамырда Миссури штатының Джоплин қаласында болды. Құйынның өзегіндегі желдің жылдамдығы 320 шақырым/сағатты шамалаған. 900-ден астам адам түрлі жарақат алған. Құйын қаланың үштен бір бөлігін жермен-жексен етіп, 2 мыңдай ғимаратты қиратқан, тағы 8 мың нысанды зақымдаған. Өкімет із-түзсіз жоғалып кеткендері әлі күнге дейін іздестіруде, ал қаза болғандардың саны күн сайын көбейіп отыр - тек өткен аптаның өзінде ауруханаларда тағы төрт адам жарақаттан көз жұмды. Қазіргі таңда Джоплин қаласындағы торнадо құрбандарының саны 138 адамды құрап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть