АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті

АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті

АҚШ-та жыл басынан бері болған торнадолардың салдарынан 523 адам мерт болды,

  • 6 Маусым 2011
  • 348
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Бұл соңғы 75 жылда құйынның салдарынан қаза тапқан ең көп құрбан. Ресми статистикаға сүйенсек, 1936 жылы торнадодан 552 американдық опат болған екен.

Құрама Штаттарда жылдың басынан бері 1 мыңнан астам торнадо тіркелген, оның 1/3 сәуір айында болып, олардың салдарынан 360-тан астам адам қаза тапқан еді.

Соңғы 60 жылдағы ең зұлмат торнадо 22 мамырда Миссури штатының Джоплин қаласында болды. Құйынның өзегіндегі желдің жылдамдығы 320 шақырым/сағатты шамалаған. 900-ден астам адам түрлі жарақат алған. Құйын қаланың үштен бір бөлігін жермен-жексен етіп, 2 мыңдай ғимаратты қиратқан, тағы 8 мың нысанды зақымдаған. Өкімет із-түзсіз жоғалып кеткендері әлі күнге дейін іздестіруде, ал қаза болғандардың саны күн сайын көбейіп отыр — тек өткен аптаның өзінде ауруханаларда тағы төрт адам жарақаттан көз жұмды. Қазіргі таңда Джоплин қаласындағы торнадо құрбандарының саны 138 адамды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар