Конгресс мүшелері Ресей АҚШ-тағы сайлауға араласып, кибершабуылдар ұйымдастырды деп есептейді. Ал Трамптың өзі болса әлі күнге бұл мәселеге қатысты нақты жауап бермей, екіұшты пайымдарын айтумен келеді.
Демократ-конгрессмен Джон Льюистің айтуынша, ол Трампты заңды президент деп есептемейді. Ол Ресей Хиллари Клинтонның сайлауда жеңіліс табуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.
Ал конгрессте демократиялық партия атынан отырған бірқатар мүшелер Трампты ұлықтау рәсіміне байкот жариялауға дайын екендіктерін айтып қалды.
Еске сала кетсек, Дональд Трамп қарсыласы Хиллари Клинтонды жеңіп,АҚШ-тың 45-президенті атанған еді. Атақты бизнесмен қазақстандықтарға Головкинге жанкүйерлік етуімен де жақсы таныс болған.