АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырады
Америклық Орегон штатында канадалық компанияның иелігіндегі автобус тасжолдың қоршауын бұзып өтіп, жыраға құлады. |
Кемінде тоғыз адам мерт болып, 20-ға жуығы жараланды, деп хабарлады Би-Би-Си штат полициясына сілтеме жасап.
Апат Пендлтон қаласының маңында болды. Лас-Вегастан Ванкуверге қайтып келе жатқан автобустың ішінде 40-қа тарта адам болған.
Құтқарушылар тірі қалған адамдарды жіппен тартып жырадан шығарып алды. Олардың арасында ауыр жарақат алған автобус жүргізушісі де бар.
Қазіргі кезде полиция апаттың себептерін анықтауда. Жол көктайғақ болғаны және оның үстіне осы учаске қауіпті екені хабарланады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін