АҚШ-та Үндістан премьерін тыңдауға 18 мың адам жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Үндістан премьерін тыңдауға 18 мың адам жиналды

АҚШ-та Үндістан премьерін тыңдауға 18 мың адам жиналды

АҚШ-та ресми сапармен жүрген Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді тыңдау үшін Нью-Йорктегі "Мэдисон-сквер-гарден"  стадионына шыққан тегі үнділік америка азаматтары ағылып келді.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Шамамен 18 мыңдай адам премьерді ыстық тілектер айтып, қызу қол шапалақтап қарсы алды. Көпшілігі кездесуге Америка мен Үндістанның жалауларын көтеріп, Модидің бейнесі  салынған футболкалар киіп келді.

Модидің бұл сапары шыққан тегі үнділік амеркандықтарды ерекше қанаттандырды. Олар премьер Үндістанды АҚШ-қа әлемдік деңгейдегі жаңа  қуатты держава  ретінде көрсете алады деген пікірде.