АҚШ-та үш жасар бала тапаншамен бір жасар сәбиді атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та үш жасар бала тапаншамен бір жасар сәбиді атып тастады

АҚШ-та үш жасар бала тапаншамен бір жасар сәбиді атып тастады

Америкалық Кливлендте (Огайо штаты) үш жасар бала абайсызда бір жастағы балаға оқ атқан.

  • 13 Сәуiр 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық полиция өкілдері мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Олардың айтуынша, сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар  ағайынды ма, жоқ па, бұл дерек нақтыланбады.

Полицейлер хабарлағандай, оқиға орын алған сәтте үйде бірнеше бала және бір ересек адам болған. Қаруды қараусыз қалдырған адамға айып тағылатын болады.

АҚШ-та мұндай оқиғалар жиі орын алуда. Наурызда Хьюстонда (Техас штаты) төрт жасар бала күтушінің үйінен тауып алған тапаншамен өз-өзіне оқ атып, қаза тапқан болатын.