Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 2 682 270 адам тіркелген. Олардың 128 028-і көз жұмып, 729 мыңы жазылып кеткен.
Соңғы аптада АҚШ-та науқастар санының күрт өсуі тіркелді. Нақтырақ айтқанда, Аризона, Калифорния, Флорида, Техас және басқа он штатта вирус жұқтырғандар саны екі есеге өсіп кеткені айтылады.