АҚШ-та "Жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ : АҚШ үшін қатер" атты симпозиум өтіп, оған қазақстандық дипломаттар қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та "Жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ : АҚШ үшін қатер" атты симпозиум өтіп, оған қазақстандық дипломаттар қатысты

АҚШ-та "Жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ : АҚШ үшін қатер" атты симпозиум өтіп, оған қазақстандық дипломаттар қатысты

19-20-қазанда АҚШ-тың Джорджия штатындағы Афины қаласында "Жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ : АҚШ үшін қатер" атты симпозиум өтіп, оған АҚШ Конгрессінің мүшелері, қорғаныс және ішкі қорғаныс министрлерінің орынбасарлары қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 586
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, форумға қатысушылардың халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару мен лаңкестердің оларды қолдануға талпынуы тек АҚШ-қа ғана емес дүниежүзіне төніп тұрған қатер екендігі және оған тек өзара күш біріктіру арқылы ғана қарсы тұруға болатындығы туралы ой-көзқарастары бір жерден шықты. Осыған байланысты қарудан бас тарту және қару таратпай саласындағы Қазақстанның тәжірибесі мен табыстары айрықша атап өтілді.

«Атом қуатын басқара білуді үйренген адам өзінің ойламын өзгертуді үйрене алмады деген Эйнштейннің сәуегейлігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоққа шығарып, ядролық қарудан бас тарту және қару таратпау жөнінде батыл шешім қабылдады»,- деп мәлімдеді ядролық қатерді азайту жөніндегі халықаралық қордың тең төрағасы Сэм Нанн.
Оның атап көрсетуінше, «Қазақстанның АҚШ-пен ынтымақтаса отырып қарусыздануға тәуекел етуі қазіргі таңда айрықша өзекті болмақ, өйткені ол бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға түрткі болып қана қоймай, ядролық кеудемсоқтықтан арыла алмай отырған кейбір елдер үшін үлгі боларлықтай қадам». Оның пікірінше, адамзатқа төнген ең қатерлі қауіпке қарсы тұрудың жалғыз тиімді жолы лаңкестікке қарсы ғаламдық әріптестік болса, Қазақстан осынау әріптестікте жетекші роль атқара алады.
Қазақстанның үлгілі қадамының өзектілігі мен осындай тәжірибесінің қажеттігін басқа симпозиумға қатысушылар да бір дауыстан құптады. Мәселен, АҚШ сенатының барлау ісі жөніндегі комитетінің мүшесі С.Шамблисстің мәлімдеуінше, бұрынғы КСРО республикаларының Нанн-Лугар бағдарламасы аясында АҚШ-пен ынтымақтастық орнату үлгісі қазіргі тауқыметтерді шешуде қолдануға талпынатын басты модель болмақ.
АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев өз сөзінде: «ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге батыл әрі шешімді түрде үлес қосып келеді. Біздің халықаралық лаңкестікпен күреске қатысуымызды дәл осы тұрғыдан қарау керек»,- деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар