Аталған штаттың басқа да аудандарында нөсер жауын құйып тұр. Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, қала аумағында төтенше жағдай жарияланған, мұнда көлік қатынасы қиындап кеткен.
Сондай-ақ, бес адамның қаза тапқаны туралы дерек бар. Алайда әзірге тек 2 адамның қазасы нақтыланды.
Губернатор Грег Эбботтың сөзінше, қалаға 50 см жауын-шашын түскен. Одан бөлек 40 см жауын-шашын түсуі ықтимал. Құтқарушылардың жұмысын қатты жел тіптен қиындатып жіберген. Оған қоса мыңдаған адам жарықсыз қалған.