АҚШ-тағы 16 отандасымыз алаяқтық жасады деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы 16 отандасымыз алаяқтық жасады деп айыпталуда

АҚШ-тағы 16 отандасымыз алаяқтық жасады деп айыпталуда

Отандастарымызға қатысты АҚШ-та тағы үлкен  шу шықты! Осы елдің Федеральдық тергеу бюросы 16 Қазақстан азаматын ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптауда.

  • 3 Қазан 2013
  • 293
Фото - Caravan.kz


Тіпті азаматтарымыздың аты-жөндерін сайттарына іліп қойған. Жастары 21-37 аралығында. Тергеу материалдарына сүйенсек, жерлестеріміз ұйымдасқан топ құрып, АҚШ тұрғындарының жеке басына қатысты құпия мәліметтерге  қол жеткізеді. Кейін бюджетке артық салық төледік деп ақшаларын  қайтарып беруді талап етіп отырған. Сөйтіп, АҚШ-тың салық басқармасын  ондаған миллион долларға тақырға отырғызып кеткен көрінеді. Қазіргі таңда бір отандасымыздың қолына кісен салынған. Қалғандары халықаралық іздеуде. Қазақстандықтармен бірге алаяқтық жасады деген күдікке Ресей, Өзбекстан мен Түркіменстанның бір топ азаматтары ілініп отыр. Ал кезекті шулы оқиғаны анықтауға еліміздің Сыртқы істер министрлігі енді кірісті.