Жарияланды: 520

АҚШ-тағы алапат дауыл құрбандарының саны жүзге жетті

Бейсенбі күні кешқұрым таралған деректерге қарағанда, АҚШ-та «Сэнди» дауылы құрбандарының саны 97-ге жетті.

Дауыл Құрама штаттардың шығыс жағалауына сейсенбіге қараған түні құлаған дауылдан қатты зардап шеккен Нью-Йорк қаласында 40 адам, штаттың өзінде 8 адам көз жұмған. Нью-Джерси штатында 13, Мэрилендте - 11, Пенсильванияда - 11, Батыс Вирджинияда - 6, Коннектикутта - 4, Вирджинияда - 2, Солтүстік Каролинада - 2 адам қаза тапты. Сонымен қатар, дауыл Канаданың Торонто қаласында тағы бір адамның өмірін қиды. Қалпына келтіру жұмыстарына армия жауынгерлері жұмылдырылды. Бейсенбі күні Нью-Йоркке әскери ұшақтар мен арнайы қондырғылар жеткізілді. Ал, Нью-Йорк пен Нью-Джерси билігі президент сайлауы өтетін 6-қарашаны ойлап бас қатыруда. Егер электр қуаты берілмеген жағдайда сайлау учаскелерін басқа жерге көшіру жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін