Вилмет қаласында тұратын құқық қорғаушысы Шах Кайсеруддин Chicago Tribune газетіне берген сұхбатында:«Бүгінде көптеген қыз-келіншектер араб стиліндегі орамалды тағып жүр. Арабтардың да, малайзиялықтардың да, үнділік мұсылмандардың да киетін шариғат шәлісі бөлек. Ал біз болса, батыстық немесе америкалық үлгідегі жаулықты ойлап таба алмай жүрміз», — деген.
Бұл байқауға осы елдің кез-келген тұрғыны қатыса алады. Әзірге 70 дизайнерден өтініш түскен.
Шах Кайсеруддиннің өзі хиджабты 11 жасынан бастап киеді. Ол Америкадағы мұсылман қыздардың бас киімі кәдімгі көк жеңсілі шалбар сияқты танымал әрі қоғам үшін таңсық болса екен деп армандайды.