АҚШ-тағы президенттік сайлау елдің тарихындағы ең тартысты бәсекелердің біріне айналуы мүмкін - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы президенттік сайлау елдің тарихындағы ең тартысты бәсекелердің біріне айналуы мүмкін

АҚШ-тағы президенттік сайлау елдің тарихындағы ең тартысты бәсекелердің біріне айналуы мүмкін

Биылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау елдің тарихындағы ең тартысты бәсекелердің біріне айналуы мүмкін.

  • 7 Қараша 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

Республикашыл кандидат Митт Ромни Массачусетс штатында дауыс берді. Демократ кандидат, қазіргі президент Барак Обама өзі тіркелген Иллинойс штатындағы сайлау учаскесіне барды.

АҚШ-тың шығыс жағалауындағы кейбір штаттар «Сэнди» дауылының зардабынан кейін енді ес жия бастағандықтан бұл төтенше жағдай сайлауға әсер етеді деп санайтындар бар.

Бірнеше экзит-полл бойынша екі кандидат шамалас дауыс жинап тұр.

Бірақ АҚШ сайлау заңына сәйкес көпшіліктің дауысын алған кандидат жеңіске бірден жете қоймайды. Сайлау коллегияларындағы сайлаушылардың (выборщик) кем дегенде 270-інің дауысын жинауы тиіс.

Алдын-ала сауалнама нәтижелері Обаманың Флорида, Охайо, Вирджиния мен Колорадо сияқты шешуші штаттарда Ромниден сәл озып келе жатқанын байқатады.

Сайлаушылар бүгін өз штаттарынан бәсекеге түскен кандидаттар арасынан АҚШ сенатының 39 (босаған орын) және конгресінің 435 мүшесін де сайлап жатыр, деп хабарлайды «Азаттық».

Соңғы жаңалықтар