АҚШ-тағы президенттік жарыс отбасыларды ойрандауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы президенттік жарыс отбасыларды ойрандауда

АҚШ-тағы президенттік жарыс отбасыларды ойрандауда

Әлемдегі ең ірі сауда жүйелерінің бірі американдық Wal-Mart жүйесінің негізін қалаушы миллиардер Сэм Уолтонның туысқандары президенттік сайлау алдында

  • 25 Қазан 2012
  • 444
Фото - Caravan.kz

саяси көзқарастары бір-біріне қайшы келіп, алауыздасып қалды. Бұл туралы Forbes жазады.

Басылымның хабарлауынша, Уолтонның немересі Сэм Ролингс Уолтон отбасының басқа мүшелеріне қарсы шығып, АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың сайлауалды кампаниясына қыркүйек айында 300 мың доллар берген. 2008 жылы да ол Обаманы қолдап, сайлауалды іс-шаларға 30 мың доллар қаражат құйған.

Ал Сэм Ролингстің немере ағасы Джим Уолтон өз кезегінде Обаманың қарсыласы, республикашылдардың көсемі Митт Ромнидің сайлауалды бағдарламасын қолдайтын Restore Our Future қорына 300 мың доллар салған.

Республикашылдарды Сэм Ролингстің екі тәтесі де — Элис пен Кристи Уолтондар қолдап отыр. Олар өз қалталарынан Restore Our Future қорына 200 мың доллар, ал Our Destiny қорына 50 мың доллар бағыттаған.

Уолтондар әулетінің барлық дерлік мүшелері көптеген жылдар бойы Forbes журналы жасайтын АҚШ-тың ең бай адамдары тізімінен түспей келеді. Мысалы, биылғы қыркүйектегі тізім бойынша олар 6-дан 9-шы орындарға жайғасты, байлықтары 26,1-27,9 млрд. доллар көлемінде бағалануда.

Wal-Mart жүйесі 1961жылы құрылған болатын. Қазір оның негізін қалаушының отбасына акциялардың жартысына жуығы тиесілі. Жүйенің басқаруында жер шарында 9 мыңға жуық дүкен бар.

Соңғы жаңалықтар