Бұл туралы Reuters Оңтүстік Каролинаның қоғамдық қауіпсіздік департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
"Қаза тапқандардың жетеуі суға батып кеткен, төртеуі селге байланысты туындаған жол-көлік апатында көз жұмды", — делінген хабарламада.
Синоптиктердің ақпаратынша, штаттың жеке аудандарында соңғы үш күнде жауын-шашын деңгейі 610 мм жетті, бұл жылдық мөлшерден сәл аз. Қауіпсіздік мақсатында билік шамамен 550 жол мен көпірді жабуға мәжбүр болды.
Мыңдаған адам үйінен кетіп, баспана іздеуге мәжбүр болды. Шамамен 40 мың адам ауыз сусыз қалды.