АҚШ-тағы зілзала аймағынан Қазақстаның бірнеше азаматы көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы зілзала аймағынан Қазақстаның бірнеше азаматы көшірілді

АҚШ-тағы зілзала аймағынан Қазақстаның бірнеше азаматы көшірілді

АҚШ-тағы зілзала аймағынан Қазақстаның бірнеше азаматы көшірілді. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ консулдық қызметі департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 506
Фото - Caravan.kz



«Қазіргі жағдаймен мәлім болғанындай, Қазақстанның төрт азаматы Миссисипи штатына, тағы бірнеше азамат Хьюстонға көшірілген»,- деді У.Қоңырбаев. «Олар елшілікке өз бетімен телефон қоңырауын шалып, аман-есен екенін жеткізді»,- деді ол.
Консулдық қызмет төрағасының айтуынша, «АҚШ азаматына күйеуге шығып, көптен бері сонда тұратын бір әйелді ескермегенде», табиғи апат аймағында қалған азаматтардың бәрі де студенттер. Апат аймағынан көшірілген Қазақстан азаматтарының арасынан бір қыздан басқасы түгелдей АҚШ-тан кетуден бас тартқан.
«Дәл қазір біз апат аймағында отандастарымыз жоқ деп кесіп айта алмаймыз»,- деді У.Қоңырбаев. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі бұл елді тастап шыққысы келетін еліміз азаматтарына жәрдемдесуге дайын, деді ол.
Консулдық қызмет төрағасы ҚР СІМ-нің Астанадағы телефон номерлерін беріп, туыстары АҚШ-та табиғи апат аймағында қалу мүмкіндігі бар адамдарды мынадай телефондар арқылы хабарласуға шақырды: күндіз 8 (3172) 72-01-64, кешке немесе демалыс күндері 8 (3172) 72-01-11 .

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта