Жарияланды: 460

АҚШ-тың бірнеше штаты мұғалімдерге мектепке қару алып жүруге рұқсат бермек

АҚШ-тың бірнеше штаты мектеп мұғалімдеріне қажет болған жағдайда балаларды қорғау мүмкіндігі болуы үшін жұмысқа қару алып жүруге рұқсат беру туралы мәселе қарастыруда, деп америкалық БАҚ хабарлады.

Ньютаун қаласында «Сэнди Хук» мектебінде атыс болып, 27 адам, оның ішінде 18 бала қайтыс болғаннан кейін, АҚШ-та қарудың еркін айналымына тыйым салу туралы мәселе кеңінен талқылануда. Қоғамдық пікірді білу үшін жүргізілген түрлі сауалнама мәліметтері бойынша, америкалықтардың жартысынан көбі қаруға толық тыйым салмай, қарудың бірнеше түрін ғана сатуға белгілі шектеу қоюды жақтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін