Ньютаун қаласында «Сэнди Хук» мектебінде атыс болып, 27 адам, оның ішінде 18 бала қайтыс болғаннан кейін, АҚШ-та қарудың еркін айналымына тыйым салу туралы мәселе кеңінен талқылануда.
Қоғамдық пікірді білу үшін жүргізілген түрлі сауалнама мәліметтері бойынша, америкалықтардың жартысынан көбі қаруға толық тыйым салмай, қарудың бірнеше түрін ғана сатуға белгілі шектеу қоюды жақтайды.