Бұл — Кондолиза Райстың АҚШ мемлекеттік хатшылығына тағайындалғаннан кейін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға жасағалы отырған тұңғыш сапары. Сапар барысында ол Ауғанстанға да ат басын тірейді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон Маккормактың айтуынша, мемлекеттік хатшы аталмыш елдерге сапары арқылы «қажетті саяси және экономикалық реформаларды жүзеге есырған елдерге» АҚШ тарапынан қолдау көрсетілетінін паш етпек. К.Райс экономикалық даму, қауіпсіздік және демократия орнатуға қатысты көптеген мәселелер бойынша келіссөздер жүргізеді.
Мемлекеттік хатшының Азия елдеріне турнесі қазанның 10 мен 13-і аралығында жалғасады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті