АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа негізделеді - Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа негізделеді - Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа негізделеді - Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа, ал Еуропалық одақтың саясаты аймақтағы барлық елдермен тең дәрежелі ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл туралы пікірді бүгін, 17-маусымда қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселесі бойынша жыл сайын өткізілетін бірінші Алматы конференциясында сөйлеген сөзінде Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының Ресей және Еуразия жөніндегі бағдарламасының төрайымы Оксана Антоненко ортаға салды.

  • 17 Маусым 2003
  • 1618
Фото - Caravan.kz

О.Антоненконың айтуынша, Батыстың екі жетекші орталығының сыртқы саясатта ұстанған бағыт-бағдары екіге айырылды, қазір олар екі түрлі мақсатты көздейді.

«АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігіне көбірек бас қатырса, Еуропа — тәуелсіздікті жаңадан алған мемлекеттерде демократиялық институттардың дамуы мен адам құқығының сақталуына көңіл бөліп отыр «,- деді О.Антоненко.
Сөйтіп, АҚШ үшін Орталық Азия — терроризмнің таралу ошағы болғандықтан Вашингтонның Өзбекстанда өз әскерін орналастыруы ұзақ мерзімді құбылыс деп санау керек. О.Антоненконың пікірінше, Еуропа үшін Орталық Азия- күннен-күнге ауқымы кеңейе түскен Еуропаның тұрақсыз қиыр шығысы , заңсыз көші-қон, есіірткі тасымалы, халықаралық қылмыс-қайшылық тәрізді қауіпсіздікке «аздап» қатер төндіретін жағдаяттар дәл осы бағыттан туындауы мүмкін деп санайды. Сол себепті Еуропалықтар үшін бұл аймақта әскер шоғырландыру — қандай да бір нақты тауқыметті шешуге арналған уақытша шара.
Соған қарамастан НАТО контингенті орналастырылғаннан кейін Ауғанстандағы ахуал үшін жауапкершілікті Еуропа елдері толығымен өз мойнына алуға әзірлік танытып отыр,- дейді О.Антоненко.

Соңғы жаңалықтар