АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ үкіметінің қаржыландыруымен 2004-2005-жылдарда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу сайысының басталғанын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ үкіметінің қаржыландыруымен 2004-2005-жылдарда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу сайысының басталғанын жариялады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ үкіметінің қаржыландыруымен 2004-2005-жылдарда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу сайысының басталғанын жариялады

Бүгін, 10-қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ үкіметінің қаржыландыруымен 2004-2005-жылдарда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша ашық іріктеу сайысының басталғанын жариялады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Стивен Гайс хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

С.Гайстың хабарлауынша, барлығы 7 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Атап айтсақ, ғалымдарға арналған Фулбрайт бағдарламасы, ағылшын тілі және АҚШ жөніндегі елтану пәндері бойынша оқытушылар арасындағы Американ-Қазақстан байқауы, жас оқытушылардың кәсібін жетілдіру бағдарламасы, 1-3 курс студенттеріне арналған «Еркіндікті қолдау шарасы» атты бағдарлама, орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Еркіндікті қолдау шарасы, болашақ лидерлерді алмасу бағдарламасы», жоғары білім игергеннен кейін магистратурада оқуға арналған Эдмунд Маски атындағы бағдарлама, сондай-ақ, «Қазіргі заманғы мәселелер бойынша шәкіртақылар» атты бағдарлама жүзеге асырылады.

Бұл бағдарламалар жоғары квалификациялы үміткерлерге АҚШ-тың орта мектептері, жоғары оқу орындары мен жоғары білім игергеннен кейінгі деңгейде білім жетілдіруге, сондай-ақ, АҚШ университеттерінің негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге, ағылшын тілін үйрету сапасын арттыруға, мамандардың білімін шыңдауға мүмкіндік береді.
Байқау нәтижесінде еліміздің 130 азаматы білім беру бағдарламаларының шәкіртақысына ие болады.

Соңғы жаңалықтар