АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді қаржыландырмайды - Л.Кеннеди - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді қаржыландырмайды - Л.Кеннеди

АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді қаржыландырмайды - Л.Кеннеди

АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді қаржыландырмайды. Бұл туралы бүгін, 4-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары, елші Лаура Кеннеди мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2005
  • 1132
Фото - Caravan.kz

«АҚШ үкіметі тарапынан қолдауға ие болған бірде-бір үкіметтік емес ұйым саяси партиялар немесе бейресми ұйымдардың ешқайсысын да қаржыландыруға қатыспайды деп үзілді-кесілді айта аламын»,- деді ол журналистер сауалына берген жауабында.

Л.Кеннедидің айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары » түрлі оқыту және ақыл-кеңес беру сипатындағы іс-қызметпен шұғылданады», бұл шараларға саяси партиялар да қатысады. «Ұйымдардың барлығы да Қазақстан заңдарына бұлжытпай бағынады»,- деп атап көрсетті ол.

Перейти к новостям спорта