Жарияланды: 600

АҚШ-тың жаңа президенті мен оның тобына ең бірінші ел экономикасын қалпына келтіру мақсатын шешуге тура келмек - Қазақстандағы АҚШ елшісі

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың жаңа президенті мен оның тобына ең бірінші ел экономикасын қалпына келтіру мақсатын шешуге тура келмек. АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугланд бүгін журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі таңда ел үшін ең басты проблема - экономика, АҚШ-тың жаңа президенті мен оның тобына ең бірінші елдегі экономикалық проблемаларды шешуге тура келмек ", -деді Р. Хоугланд. "Сайлаушылар қазіргі президенттің экономикалық саясатына наразы болғандықтан, олар басқа партияның өкіліне дауыс берді", - деп түсініктеме берді елші Барак Обаманың жеңісі туралы алғашқы мәліметтерге. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін