Жарияланды: 340

Ақсу әкімі өзінің ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне қатысты сот ісінде жеңіп шықты

Павлодардың қалалық сотында Ақсу қаласы әкімі Б. Бақауовтың Р. Нұржауыповаға қатысты шағымы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

Арызданушы YouTube сайтына орналастырылған «Мойындау. Заңсыз сотталушы» бейнеролигінде айтылған сөздерді шындыққа жанаспайтындығын және өзінің ар-намысын, абыройы мен іскерлік беделін даттайтындығын тануды сұрады. Сондай-ақ ол жауапкерді мәліметтерді жоққа шығарып, одан моральдық шығын ретінде 20 млн. теңге өндіріп алуды талап етті. Айта кетейік, YouTube сайтында Қашыр ауданы басшысының Б.Бақауовтың тұрмысына рейдерлік жасағандығы туралы айыптаулар айтылған. Қалалық соттың шешімімен арыз арызданушының пайдасына қанағаттандырылды. Р. Нұржауыповадан келтірілген моральдық шығын үшін 100 мың теңге және сол сомада өкілдік ету шығыстары өндіріп алынады. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін