Ақсу ТЭС-інде қуаты 325 МВт №2 энергоблок іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсу ТЭС-інде қуаты 325 МВт №2 энергоблок іске қосылды

Ақсу ТЭС-інде қуаты 325 МВт №2 энергоблок іске қосылды

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-ның Ақсу ТЭС-інде қуаты 325 МВт №2 энергоблок пайдалануға берілді, делінген Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC) ақпаратында.

  • 23 Маусым 2011
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Жобаны жүзеге асыруға екі жыл уақыт жұмсалды. Инвестиция көлемі $250 млн құрады. Жоба мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде энергоблоктың қуаты 325 МВт құрады, бұл ТЭС-тің жалпы қуатын 2425 МВт-қа жеткізуге мүмкіндік береді», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Құжатқа сәйкес, қалпына келтіру жұмыстары барысында энергоблоктың жабдықтары түгел ауыстырылды. Жаңа, қуаты көбірек турбогенератор, қазандық агрегат, генератор, трансформаторлар орнатылды.

Сондай-ақ, атмосфераға тасталатын заттардың 99%-дан астамын ұстайтын электр фильтрлер орнатылды. Жетілдірілген автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды, ол блок жұмысына мониторингтің сапасын және еңбек қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Арнайы жасалған технологиялар қалпына келтіру шараларын көрші энергоблоктардың жұмысын тоқтатпай жүргізуге мүмкіндік берді.

№2 энергоблокты қалпына келтіру электр станциясындағы барлық 8 энергоблокты кезең-кезеңмен қайта жөндеуді қарастыратын кешенді бағдарламаның аясында жүзеге асырылды. 2011 жылдан бері №1, 3 және 4 энергоблоктар қайта жөнделді. Қазір №6 энергоблок қалпына келтіріліп жатыр, бұл мақсатқа ENRC $265 млн жұмсамақ.

ENRC –ға кіретін «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-на 3 құрылымдық бөлімше кіреді: Ақсу электр станциясы, «Восточный» көмір разрезі және өндірістік жөндеу бөлімшесі. Өндірістік қызметінің басты бағыттары: электр қуатын өндіру, көмір өндіру, энергетикалық және тау жабдықтарын жөндеу. «ЕЭК» АҚ жұмыскерлерінің саны 6,9мың адамды құрайды.

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ –ның қазіргі инвестициялық бағдарламасы Ақсу ТЭС-інің 2-ші және 6-шы энергоблоктарын қайта жөндеуді қарастырады.

Eurasian Natural Resources Corporation PLC хром, марганец және темір кендерін өндірумен және қайта өңдеумен; ферроқорытпаларды балқытумен; алюминий тотығын алу үшін, алюминий өндірісі үшін бокситтерді өндірумен және қайта өңдеумен, мыс және кобальт өндірісімен; көмір өндірумен, электр қуатын өндірумен, өнімді тасымалдаумен және сатумен айналысады. Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстанда орналасқан.

Соңғы жаңалықтар