Ақсуда 70 жастағы қария қымыз пісетін құрылғы ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсуда 70 жастағы қария қымыз пісетін құрылғы ойлап тапты

Ақсуда 70 жастағы қария қымыз пісетін құрылғы ойлап тапты

Ақсу қаласына қарасты Парамоновка ауылында тұратын қария Шайзат Оралжанұлы қымыз пісетін арнайы құрылғы ойлып тапты, деп хабарлайды pavl

  • 1 Ақпан 2017
  • 649
Фото - Caravan.kz

Ақсу қаласына қарасты Парамоновка ауылында тұратын қария Шайзат Оралжанұлы қымыз пісетін арнайы құрылғы ойлып тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

— Бұған дейін қымызды қолмен пісіп ашытатын едік. Кейін ұлттық сусынымызды дайындайтын арнайы құрылғы ойлап тауып, оны үйге орнаттым. Саба пісу құрылғысын кішкентай генераторды пайдалану арқылы іске қосып отырмыз. Ең алдымен жобасын жасап, оны қағаз бетіне түсіріп алдым. Бұған кезіндегі геометрия сабағын жақсы оқығандығым көмектесті. Жобасын жасаудың өзіне бір ай уақыт кетті. Одан кейін материалдарын жинап, құрастырдым. Сонымен бұл құрылғыны дайындауға шамамен үш ай уақытымды жұмсадым. Нәтижесі жаман емес. Генераторды қанша уақыт тоққа қосып қойсаңыз да еш зияны жоқ. Ысып кетпейді, өшіп қалмайды. Бұл құрылғымен 10 литрден 100 литр қымызға дейін пісуге болады. Яғни, бірінші саумал құйылғаннан кейін бір сағат, екінші саумал құйылғаннан кейін он минут, ал үшінші және төртінші саумалды екі-үш минут пісіп қана қымызды ашытуға болады. Ал, мұндай үлкен ыдыстағы қымызды қолмен үздіксіз пісу мүмкін емес. Біріншіден, көп күш керек, екіншіден уақытыңызды алады. Көп пісілген қымыз өз бабында ашиды, — дейді Шайзат Оралжанұлы.


Шайзат ақсақалдың айтуынша, тарихқа көз салсақ, қымыз құятын сабаны бұрынғы ата-бабаларымыз теріден істеген. Кейін бұл үрдіс бұзылып, ағаштан жасалған ыдысқа құятын болды. Ағаш ыдыста пісілген қымыз тері немесе пластмасса торсықтарда ашытылғандай дәмді болмайды.

— Қазір көп адам қымызды ағаштан дайындалған ыдысқа пісіп жүр. Мен оған қарсымын. Себебі онымен қымызды жоғары сапада дайындай алмайсыз. Ішіне ауа кіріп кетеді. Сондай-ақ, қазір теріден саба жасайтын заманнан да кеттік. Мен өз тәжірибемді айтар болсам, ең пайдалысы – пластмасса торсық. Мұндай ыдыстан қымызға ауа кірмейді, сыртына майы шықпайды. Сонымен қатар, иіс шықпай таза дайындалады, — дейді ол. Айта кетерлігі, Шайзат ақасал өзінің әкесінің де қолынан іс келетін шебер адам болғанын айтады. Көзінің тірісінде темірден түйін түйген ұста және үйағаш жасайтын шебер ретінде көпке танылған.