Ақсулық жас спортшының жетістіктері - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсулық жас спортшының жетістіктері

Ақсулық жас спортшының жетістіктері

Павлодар облысы, Ақсу қаласының мектеп оқушысы Юля Мухина биылғы жылдың тамыз айында Татарстанның Қазан қаласында өтетін дзюдодан әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлады қала әкімдігінен.

  • 29 Мамыр 2012
  • 543
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның күрес бойынша чемпионатында 14 жасар Юля 1995-1996 жылғы қыздар арасында абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Лицейдің 8 сынып оқушысы дзюдомен айналысып жүргеніне екінші жыл, бірақ осы уақыт аралығында ол облыс чемпионы атанды, ал сәуір айында Талдықорғанда өткен республикалық жарыста күміс жүлдені жеңіп алды.

Мамыр айында Алматыда өткен жарыста Юля ақтық кезеңде Тәжікстаннан келген қарсыласына орын беріп, екінші болды. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан командалары қатысты. Бұл жеңіс спортшыға дзюдодан спорт шеберінің кандидаты нормативін тапсыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде жас спортшы маусым айында Таразда өтетін Қазақстаннның дзюдо бойынша чемпионатына дайындық үстінде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера