Ақсу-Жабағылы қорығында Орта Азиялық аршаны қорғауға бағытталған рейдтер өткізіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсу-Жабағылы қорығында Орта Азиялық аршаны қорғауға бағытталған рейдтер өткізіле бастады

Ақсу-Жабағылы қорығында Орта Азиялық аршаны қорғауға бағытталған рейдтер өткізіле бастады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында Орта Азиялық аршаны қорғауға бағытталған рейдтер өткізіле бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және хайуанаттар дүниесін қорғау басқармасынан хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 969
Фото - Caravan.kz

Қорық директоры Айтбай Мыңлыбековтың айтуынша, жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаға ұқсас, мәңгілік жасыл түске боялған арша ағаштарын заңсыз отау оқиғасы жиілеп кетеді. Шығының басым бөлігі елді мекендерге таяу орналасқан Талдыбұлақ кордонының үлесінде.

А.Мыңлыбековтың пайымдауынша, жергілікті тұрғындар арасында жүргізілетін тұрақты ағарту шараларының арқасында табиғат қаскөйлерінің саны азайғанымен, келімсектер арасында аршаны отаушылар саны артып отыр. Олар әсіресе Қызыл кітапқа енгізілген Заравшан аршасы сынды сирек түрлерге тиіседі.
Қазір қорық қызметкерлері мен еріктілер қорықты тәулік бойы күзетке алды. Ағаштарды заңсыз кесуге байланысты төленетін айыппұл мөлшері 5-15 мың теңге аралығында, алайда, бұл соманы табиғатқа келетін залал-зардап мөлшерімен салыстыруға келмейді дейді қорық директоры.

Соңғы жаңалықтар