Әнші хиджабын не үшін шешіп тастағанын түсіндіріп берді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақбота Нұрдың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Халық алдында жүргеннен соң, менің орамал тағып шешкенім бірден көзге көрінді. Біреуге айтуға, ақталуға міндетті емеспін деп ойлаймын. Себебі, әркімнің өз өмірі, өз таңдауы бар",- деп жауап берді.
Сонымен қатар, әнші ондай сұрақты орамал тағып, намаз оқып, тәубесіне келгенді барып жазуды айтты.
Әнші Дәурен Айдарқұловпен қайта қосылу сұрағына да жауап берді.
"Дәуренге 3-шісін алып бердік, естімедіңіз бе?", — деді Ақбота Нұр.
Естеріңізге сала кетейік, әнші хиджаб киіп, бір айға жетпестен шешіп тастаған болатын. Осыдан кейін Ақбота Нұр сынның астында қалған болатын.