Ақтау әкімінің қатысуымен балабақша ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.37
  • 609.97
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау әкімінің қатысуымен балабақша ашылды

Ақтау әкімінің қатысуымен балабақша ашылды

Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында №35 балабақшаны салтанатты түрде ашты.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 609
Фото - Caravan.kz

«Ақтау қаласы бойынша 60-қа жуық мектепке дейінгі мекеме бар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берумен 100 пайызға қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасы үнемі жіті қадағаланады», — деді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин балабақшаны ашу салтанатында.

Ол сондай-ақ ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсанда осы шағынауданда тағы да бір балабақша ашылатынын хабарлады.