Ақтау: автокөліктер артылған барлық кемелер 30 маусымға дейін босатылады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау: автокөліктер артылған барлық кемелер 30 маусымға дейін босатылады

Ақтау: автокөліктер артылған барлық кемелер 30 маусымға дейін босатылады

Ақтау айлағына кіру кезегінде автокөлік артылған 17 кеме тұр, деп хабарлайды «Ақтау Бизнес» басылымының сайтында.

  • 21 Маусым 2011
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта 17 кеме айлаққа кіру кезегін күтіп рейдте тұр, оның 7-еуіне 1100 автокөлік артылған», — деп жазады басылым сейсенбі күні.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы» РМК директорының бірінші орынбасары Дәурен Құтпанбаев мәлімдегендей, қазіргі уақытта рейдте тұрған кемелердің бәрі 30 маусымға дейін жүктен босатылады

Теңіз айлағының басшылығы қалыптасқан жағдайға Қазақстанға автокөлік импортының күрт артуы себеп деп отыр. Айлақ – режимдік шекаралық және кедендік талаптары бар аумақ, ондағы процедуралар белгілі бір уақытты алады, дейді айлақ басшылығы.

Теңіз айлағы басшылығының ақпаратына сәйкес, айлақтың өндірістік мүмкіндіктері шамадан тыс режимде тәулік бойы пайдаланылып отыр. Теңіз айлағының жұмыскерлері кедендік және шекаралық қызметтермен бірлесе отырып, кемелерді өңдеуді жеделдету бағытында қажет шараларды қабылдап жатыр.

Автокөліктерді көптеп әкелуге 2011жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары үшін жеке пайдалануы үшін пайдалану мерзімі 10 жылға дейінгі көліктерді әкелу кезінде жеңілдікті кедендік баж салықтарының алынып тасталуы себеп болып отыр. 1 шілдеден бастап Кеден одағының бірыңғай мөлшерлемелері қолданылады.

Бұған дейін 20 маусымда қаржы министрі Болат Жәмішев 1 шілдеге дейін шекараға келетін автокөліктердің бәрі кедендік рәсімдеуден өтеді деген болатын. Бұл үшін кеден бекеттеріндегі қызметкерлердің штаттық саны арттырылып, жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар