Пәтерлердің кілтін Ақтауға сол үшін арнайы ұшып келген ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Дарбеков салтанатты жағдайда табыс етті.
Б.Дарбековтың айтуынша, «әскерилерге пәтер беру шарасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы мен ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың күш-жігері арқасында жүзеге асып отыр».
Отбасының құрамына қарай әскерилерге қазіргі заман талабына сәйкес жоспарланған 2,3 және 4 бөлмелі пәтерлер берілді.
2004-жылдың бірінші жартысында тағы да 40 әскери отбасы Ақтаудағы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болады.