Ақтау гарнизонында қызмет атқаратын 41 әскери отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау гарнизонында қызмет атқаратын 41 әскери отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды

Ақтау гарнизонында қызмет атқаратын 41 әскери отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды

Ақтау гарнизонында қызмет атқаратын 41 әскери отбасы жаңадан салынған сәулетті үйдегі су жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

Пәтерлердің кілтін Ақтауға сол үшін арнайы ұшып келген ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Дарбеков салтанатты жағдайда табыс етті.

Б.Дарбековтың айтуынша, «әскерилерге пәтер беру шарасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы мен ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың күш-жігері арқасында жүзеге асып отыр».
Отбасының құрамына қарай әскерилерге қазіргі заман талабына сәйкес жоспарланған 2,3 және 4 бөлмелі пәтерлер берілді.
2004-жылдың бірінші жартысында тағы да 40 әскери отбасы Ақтаудағы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар