Жарияланды: 560

Ақтау: ғаламторға тарап кеткен бейнероликке қатысты тергеу басталды

Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде түсіріліп, кейін ғаламторға кеңінен тарап кеткен бейнероликке қатысты тергеу басталды. Істі Қорғаныс министрлігінен арнайы комиссия қарап жатыр. Бейнетүсірілімдегі  «батырларды» елдің түкпір-түкпірінен іздеп,тауып та әкелген. Алайда бәрі бір ауыздан«қалжың үшін түсіргенбіз»деп ақталуда

Орындықпен оңдырмай соққаны ойын, қайыс белбеумен ұрғаны қалжың боп шықты. Бейнероликке түскен әскерилер осылай деп дес берер емес; көпті соған сендіргісі де келеді. Айтуларынша, бұл бөлімшедегі сарбаздар әрдайым кішіге қамқор, үлкенге ізет көрсетіп жүретін көрінеді.

Нұрлан Қасымов, Теңіз жаяу әскері бригада штабы бастығының орынбасары:

- Ролик әскер қатарынан бейбіт өмірге кетіп бара жатқандардың ойыны деп айтуға болады, емін-еркін. Қарап отырсақ, солдаттарды ашық ұрып, құлап, есінен танып жатқан ешкім жоқ. Ойын,күлкі бәрі, емін еркін сөйлеп отыр.

Қол астындағылардың бұл уәжін Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы да қолдап отыр.

Мұрат Мәйкеев, ҚР Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

- Қазір психологтар жұмыс істейді. Содан бейнекамералар түгел казармада тұр,прокурорлар түгел тексереді.

Естеріңізге сала кетейік, даудың басы да осы роликке қатысты болған. Өткен аптада ғаламторға шығып, арты үлкен шуға айналған еді. Бұл роликтен жас сарбаздарға үлкендері түрлі тәсілді көрсетіп, әлімжеттік жасап жатқаны байқалады. Бірақ солтуындының кейіпкерлері  тергеушілерген берген түсініктемесінде бәрін жай ермек үшін түсіргендерін айтқан.

- Рас екен деп ойлап қалмаңыз. Жай қалжың үшін түсірілген ғой.

-  Қызық үшін, қыздарымызға әскерде осылай болады деп көрсету үшін жасадық. Бұлай тарап кетеді деп ойламадық, өкінішті-ақ.

Дегенмен   даудың ақырғы нүктесі әлі қойылған жоқ. Қазір әскери полиция тергеуді жалғастыруда. Егерқылмыстық іс қозғалып,   «актерлер» айыпты деп танылса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін