Ақтау ІІБ-ның қызметкерлері 77 грамм героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау ІІБ-ның қызметкерлері 77 грамм героин тәркіледі

Ақтау ІІБ-ның қызметкерлері 77 грамм героин тәркіледі

Ақтау ІІБ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері "Мак-2004" атты жедел іздестіру шаралары барысында қаладағы ықшамаудандардың бірінен 1965-жылы туған, бұрын істі болған азаматтан 77 грамм есірткі затын тәркіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Сараптама қорытындысы есірткі затының героин екенін көрсетіп берді. Тұтқынның айтуынша, ол есірткіні тауып алып, жеке тұтыным үшін сақтап қойған.

Қазір тұтқын Ақтау ІІБ-ның уақытша тергеу қапасында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің ірі көлемдегі есірткі заттарын алыпсатарлық мақсатымен заңсыз сатып алу немесе сақтау жөніндегі 259-бабы, 2-тармағына сәйкес ол 3-7 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Перейти к новостям спорта