Ақтау кафесінде атыс болды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау кафесінде атыс болды - видео

Ақтау кафесінде атыс болды - видео

Бетперде киген қарулы екі ер адам Ақтаудың 7-ықшамауданында орналасқан кафелердің біріне баса-көктеп кіріп келген. Олардың бірі оқ ата бастаған.

  • 4 Ақпан 2020
  • 105
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы жазды Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылы ақпанның 2-не қараған түні Ақтаудағы караоке-барлардың бірінде болған. Бейнебақылау камералары түсірген видеода бетперде киген қарулы екі ер адам, болжаммен біреуі мас, ғимаратқа кірген. Екеуі де қаруланған.

Кіреберісте олардың алдына кафе қонағы кездескен, ол мылтықты тартып алмақшы болады. Осы кезде екіншісі тапанша шығарып, оған қарай тақайды. Осыдан кейін ірі денелі жігіт мылтық ұстаған адамды жібере салады. Сосын ер адамдар ары қарай емін-еркін кафенің залына өтіп, біреуді іздеген сыңай танытады.

Полиция департаменті осы деректі растады. Қазіргі уақытта оқ атқан ер адамдардың іздестіріліп жатқанын айтты.


"07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп кафеге қару ұстап кіргенін айтады. Олар Grammy's караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оған тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр", — деді өңірлік полиция өкілдері.

Соңғы жаңалықтар