Ақтау халықаралық әуежайын жаңалау 2007-жылы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау халықаралық әуежайын жаңалау  2007-жылы басталады

Ақтау халықаралық әуежайын жаңалау 2007-жылы басталады

АҚТАУ. 26-қазан. Kazakhstan Today. Ақтау халықаралық әуежайын жаңалау мәселелері ойластырылды. Жоба 2007-жылы жүзеге асырыла бастайды. Кәсіпкерлік пен мемлекеттің әріптестік тетігі қолданылады. Бұл туралы үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың 17-сессиясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев депутаттарды құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қазан 2006
  • 455
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысының айтуынша, халықаралық аэровокзал салып, аэродромды жаңалау нәтижесінде әуежайдың инфрақұрылымы халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіріледі. Ұшулар мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру сонымен бірге өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, кәсіпкерлерді іс-қызметін пәрмендендіруге ынталандырып, жұмыс орындарының құрылуына, салық салынатын базаны ұлғайту арқылы аймақ бюджетінің кірісі ұлғаюына септігін тигізбек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақтау әуежайы 1983-жылы пайдаланылуға берілген. Қазір ол халықаралық стандарттарға мүлдем сай келмейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта