Ақтау мен Махачкала арасындағы әуе қатынасы араға 13 жыл салып қайтадан жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау мен Махачкала арасындағы әуе қатынасы араға 13 жыл салып қайтадан жанданды

Ақтау мен Махачкала арасындағы әуе қатынасы араға 13 жыл салып қайтадан жанданды

Маңғыстау облысы мен Махачкала арасындағы әуе қатынасы араға 13 жыл салып қайтадан жанданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2004
  • 472
Фото - Caravan.kz

Әуе қатынасының қайтадан жандануына орай 20-наурыз, сенбіде өткен салтанатты шарада Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, «Көктем мерекесі — Наурыз қарсаңында, Қазақстандағы Ресей жылы аясында Ақтау-Махачкала-Ақтау аралығында әуе қатынасының қайтадан жандануы Маңғыстау облысының қоғамдық өміріндегі елеулі оқиға болмақ». Бұл бағыттағы сапарлар «Маңғыстау облысы мен Дағыстан арасындағы меймандос көршілік байланыстың қайтадан жандануына, өзара экономикалық, сауда-саттық және мәдени байланыстарды нығайтуға, жаңа туристік бағыттарды ашуға түрткі болмақ»,-дейді әкімнің орынбасары.

Ақтау мен Махачкала арасындағы әуе қатынасы 48 жолаушы тасымалдай алатын Ан-24 ұшағының көмегімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде ұшақ аптасына бір мәрте, сенбі күні ұшады.
«Дағыстан» ұлттық мәдени орталығының төрағасы Юсуп Шашхаевтың KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, әуе байланысын орнату жөніндегі келіссөздер екі жылға созылған. Келіссөздердің ұзаққа созылуына Кавказ аймағындағы ахуалдың тұрақсыздығы әсер еткен. «Кейінгі кездері жағдайдың тұрақтана бастауына байланысты әкім ұшақ сапарларын қайтадан жандандыруға пәрмен берді»,- деді Ю.Шашхаев.
Салтанатты шарадан кейін жаңадан ашылған рейспен алғашқы бес жолаушы сапарға шықты. Сол күні Махачкаладан 16 жолаушы ұшып келді.

Соңғы жаңалықтар