"Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және  жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін  ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады

"Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады

2003-жылдың қараша айында "Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілі, "Қазақстандағы мұнай -газ өндіру және тасымалдау секторын қолдау" жөніндегі жобаның жетекшісі Жан-Луи Тырлэ хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 595
Фото - Caravan.kz

Ж.Тырлэнің айтуынша, 2002-жылы Қазақстанда мұнайға талдау жасау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін зертхана таңдауға бағытталған тендер өткізілді. Оған 7 компания қатысты. Соның нәтижесінде «Ақтау мұнайгаз» Ғылыми-зерттеу және жобалау институтының тәуелсіз зертханасы таңдап алынды.

Жоба жетекшісінің айтуынша, қазір пилоттық зартханада сапа жүйесі қолданысқа енгізіліп, озық технологиялық жабдықтар орнатылды.
Ж.Тырлэнің айтуынша, бұл — мұнайдың сапасын халықаралық стандартқа сәйкес бағалай алатын Қазақстандағы алғашқы зертхана болмақ.

Соңғы жаңалықтар