Ақтау портында рәсімделіп қойған 70 көліктің иелері іздестірілуде
|
Кеденшілер Ақтау портында рәсімделіп қойған 70 көліктің иелерін таба алмай отыр. Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау комитетінің өкілдері мәлімдеді. Рәсімделген көліктердің құжат бойынша тапсырыс берушілері бар болғанымен, оларды алып кетушілер жоқ екен.
Кеден комитетіндегілер көлік иелерінің бұл жағдайдан бейхабар болуы мүмкін деп есептейді. Темір тұлпарлардың шекараға жеткені жөніндегі мәліметті оларды сатқан риэлторлық компаниялар таратуы тиіс. Алайда көлік нарығындағы жанталастың салдарынан аталмыш компаниялар бұл міндеттерін тиісінше атқара алмай жатқан көрінеді. Осыған байланысты кеденшілер ұмыт қалған көлік иелерінің аты-жөндерін интернеттегі сайтына да жариялап отыр. Көлігін күтіп отырған азаматтар сол тізімді қарап шығуларына болады. Естеріңізге сала кетсек, жеңілдетілген салық бойынша рәсімдеу мерзімі 1 шілдеде аяқталатындықтан, қазір кеденде күшейтілген тәртіппен жұмыс жүргізілуде.
Толқын Баймұқанова, Кедендік бақылау комитеті кірістер басқармасының бастығы:
- Қазір бізде 35 бекеттерде кедендік рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жағдайлар жасалуда. Қызметкерлер саны көбейтілді. Мысалы,Ақтөбеде 8 орын болса, қазір 16 орын болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін