алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтау қалалық мәслихатының депутатын қылмыс үстінде ұстады.
Халық қалаулысы А. есімді азаматты алдап, Ақтау қаласындағы аумағы 190 шаршы метр жер телімін бөлу туралы мәселесін оң шешу үшін оның 3,8 млн. теңгесін иеленіп алған.
«Аргенов К.У-ға қатысты ҚР ҚК 177-бабының 44-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол екі айға тұтқынға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеуге қатысты басқа деректер жария етілмейді»,- деп ақпараттандырды Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметкері Нұргүл Мұқатай.