Ақтау қаласы интернет пен ұялы байланыстан ажырап қалды

«Оптикалық талшықты кабельдің зақымдануына байланысты қала бойынша барлық интернет провайдерлер жұмыс істемей тұр. Банкоматтардың басым бөлігі істен шықты», - деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ-ның Ақтаудағы филиалы.

Компанияның хабарлауынша, Beeline абоненттерінің бір бөлігі ұялы байланыстан ажырады. Ұялы байланыстан қол үзген абоненттер арасында Шетпе станциясының тұрғындары да бар.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.