Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

АҚТАУ. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала активіне Ақтаудың жаңа әкімін таныстырды. Әкім болып Салымгерей Бекбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің айтуынша, қаланың бұрынғы әкімі Виктор Кох өз еркімен қызметінен босатылды.

С. Бекбергенов 1966 жылы Астрахань облысында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы сәулет құрылыс институтын инженер құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдады.

Ол Орал әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу департаменті директоры, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы бастығы міндетін атқарушының орынбасары болып істеген. 2006 жылдан бастап Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының бастығы қызметін атқарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта