Ақтау сарбаздары ғаламторға әлімжеттілікті көрсететін бейнекөрініс шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау сарбаздары ғаламторға әлімжеттілікті көрсететін бейнекөрініс шығарған

Ақтау сарбаздары ғаламторға әлімжеттілікті көрсететін бейнекөрініс шығарған

Әскер қатарында келеңсіз оқиғалар толастамай тұрғанда ғаламторға әлімжеттілікті көрсететін бейнекөрініс шығып кетті. "Үлкендер" мен "кішілер" арасындағы әскердегі қарым-қатынасты бейнелейтін көріністі Ақтаудағы теңіз жаяу әскері бөлімшесінің сарбаздары түсірген көрінеді.

  • 30 Маусым 2011
  • 661
Фото - Caravan.kz

Ермек үшін кәдімгі ұялы телефонға түсірілген  көрініс үлкен дау-дамайға әкелді, ал оның авторлары енді жауапқа тартылуы мүмкін. Құзырлы органдар тексеру жүргізіп, оларды анықтағандарын айтады.  Түсірілімнің 2008 жылы жасалғаны да белгілі болды. Бірақ, жалпақ жұртқа енді ғана жария етілді. Бейнероликтегі “батырлар” әлдеқашан борышын өтеп, үйлеріне оралған көрінеді. Алайда әскери прокурор оларды табу «қиынға соқпайды»деп отыр.


Асхат Құсайынов, Ақтау гарнизоны әскери прокурорының орынбасары
:

— Бейнесюжетте көрсетілген әскери қызметшілердің мекен-жайын анықтайды да, кейін олармен жұмыс істейді. ҚР ҚК 370 бабы, 2тармағы бар. Алдын ала саралап отырмыз, кодекстің бұл бабы бес жылға дейін бас жазасынан айыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар