Ақтау сұранысқа ие туристік бағыттар қатарына қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау сұранысқа ие туристік бағыттар қатарына қосылды

Ақтау сұранысқа ие туристік бағыттар қатарына қосылды

Ақтау ТМД елдері арасындағы авторлық тур бойынша сұранысқа ие туристік бағыттардың қатарына қосылды.

  • 30 Қаңтар 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz

«ТурСтат» туристік порталы бұл тізімге Көкше өлкесіндегі Бурабайды да қосқан. Авторлық тур дегеніміз, туризмнің әлемде енді танылып келе жатқан түрі. Оған беймәлім жерге өз бетімен барғанды ұнататын трэвэл-блогерлер ерекше қызығады екен. Жалпы Маңғыстау өңірінде мамыр-қыркүйек айлары ақпараттық-жарнамалық турлар жиі өтіп тұрады. Былтыр оған көрші мемлекеттерден бөлек АҚШ, Жапония, Еуропадан 50-ге тарта жиһанкез келіп қатысты. Олар киелі орындарға барып, Каспий жағалауындағы қонақүйлер мен демалыс базаларын аралаған. Саяхаттан көрген білгенін әлеуметтік желілерге жазуы аймақтың танымалдылығын арттыра түсуде. Биыл осы өңірге Бразилиядан туристер келмекші. 

Гүлсім Жариева, «Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы:


— Бізге жыл сайын Жапония елінен 10-12 турист келеді. Олар алдын-ала дайындалады. Өздерімен топ болып келіп, біздің өңіріміздің барлық тартымды, көрікті жерлерін, туристік мәдени-тарихи нысандарын аралап, көріп кетеді. Алған әсерлерін олар сосын пост жазып, әлеуметтік желіде таратады. Қазіргі таңда біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Телефон, интернет арқылы. Нақты мысал: Бразилиядан бір оператор бізге қоймастан қайта-қайта хат жазып жатыр, туристер әкелемін деп. Біз сонымен жұмыстанып жатырмыз.

 

Соңғы жаңалықтар