Ақтау теңіз айлағында діни мазмұнды тыйым салынған әдебиеттер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында діни мазмұнды  тыйым салынған әдебиеттер табылды

Ақтау теңіз айлағында діни мазмұнды тыйым салынған әдебиеттер табылды

"Ақтау теңіз айлағы" кедендік тексеру бекетінде шекарашылар ҰҚКД-нің қызметкерлерімен бірлесіп, діни мазмұнды тыйым салынған әдебиеттерді тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 533
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітаптар ағылшын, орыс және өзбек тілдерінде басылып шыққан екен. Тыйым салынған әдебиеттер партиясының жалпы салмағы 48,7 тоннаны құрайды. Иесіз жүк теңіз причалына таяу жерде контейнерден табылды. Қазір жүкке тапсырыс берушіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге Таразда шекарашылар тексеру бекетін айналып өтіп Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған «Фольсваген» автокөлігін ұстады. Автокөлікті тексерген кезде акциздік маркалар салынған 11 қорап шықты. Осыған байланысты іс материалдары қаржы полициясының қызметкерлеріне табыс етілді.
Жалпы алғанда 31-қазан мен 7-қараша аралығында еліміздің шекарашылары мемлекет шекарасын бұзған 288 адамды ұстап, контрабандалық 21 дерекке тосқауыл қойды.

Перейти к новостям спорта