Бұл бекетте Қазақстанның стратегиялық қорына жататын мұнай және мұнай өнімдерін, электр қуаты мен табиғи көгілдір отынды экспорттауға қатысты құжаттар рәсімделіп, кедендік тексеру жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда 2004-жылдың 11 айында бұған дейін Ақтаудағы кедендік бақылау департаментінде болған «Энергетический» кеден бекетінің қызметкерлері 45 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі. Осындай оқиғаларға байланысты 1 млн. теңгенің айыппұлы салынды. 11 айдың қорытындысы бойынша өндіріп алынған республикалық бюджетке төленуі тиіс кедендік төлемдердің көлемі 300 млн. теңгені құрады, дейді департаменттегілер.