Ақтау теңіз айлағында кедендік рәсімдеуден өтпеген 546 автокөлік қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында кедендік рәсімдеуден өтпеген 546 автокөлік қалды

Ақтау теңіз айлағында кедендік рәсімдеуден өтпеген 546 автокөлік қалды

Ақтау теңіз айлағына келген көлік құралдарының кедендік рәсімдеуден өтпегені 546 автокөлікті құрап отыр.

  • 24 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Айлақтың аумағында және уақытша сақтау қоймасында рәсімделмеген 546автокөлік қалды», – деп хабарлайды жұма күні Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті (КБД).

Ведомство2011 жылдың 1 шілдесіне дейін кедендік рәсімдеуге 1823 жеңіл автокөлік беріледі деп болжайды.

«Хазар Шипинг» көліктік компаниясының ақпаратына сәйкес, Анзали (Иран Республикасы) теңіз айлағында қалған барлық жеңіл автокөліктерді кемелерге артқан.

«Әзербайжан Республикасынан келетін теңіз кемелеріне қатысты: 217 жеңіл көлік артылған 3 паром бүгін келеді, 198 жеңіл көлік артылған 1 паром 25 маусымда келеді, 300 жеңіл көлік артылған 1 паром Баку теңіз айлағында тұр», – деп хабарлайды кеден.

КБД автокөлік иелерін алаңдамауға шақырды. «Иран мен Әзербайжан айлақтарында паромдарға артылған автокөліктердің бәрі Ақтау теңіз айлағына келе жатыр және 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін рәсімделіп үлгереді», – дейді ведомство.

Соңғы жаңалықтар